Мектеп туралы — Абай облысы білім басқармасының «№ 4 арнайы мектеп-интернаты» КММ

Мектеп туралы

Наименование учреждение

Для шапки сайта

Коммунальное государственное учреждение «Специальная школа- интернат № 4» управления образования области Абай

Абай облысы білім басқармасының «№4 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мекенжайы:

Байланыс деректері:

 

Электрондық пошта:
Сайт:
Instagram:
Facebook:
Интернет ресурстары:

071409, Абай облысы, Семей қаласы,
Баян Байғожина көшесі, 12Мұғалімдер бөлмесі: 8 (722-2) 36-07-79
Вахта: 8 (722-2) 32-61-64
Тел/факс: 8 (722-2) 32-93-81 

inter_semey_4@mail.ru

Сайт: internat4.edu.kz
Instagram: https://instagram.com/spec_shkola_internat_4
Facebook: https://www.facebook

Интернет: 2 кіру нүктесі, жылдамдығы 100 Мбит/с

Директор

Солтабаев Арай Болатұлы

2005 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша, 2016 жылы Қарағанды қаласының Орталық Қазақстан академиясын «Дефектология» мамандығы бойынша бітірген.

2021 жылдың 1 ақпанынан  «№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ  директоры болып тағайындалды. Жұмыс өтілі 24 жыл.

Әкімшілік

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Байшыбаева Лазат Тлеубайқызы

Білімі: жоғары

  1. Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институты – 1992 ж.
    Мамандығы: орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
  2. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
    Мамандығы: дефектолог

Педагогикалық еңбек өтілі: 33 жыл

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Ильясова Данара Серикжанқызы

Білімі: жоғары

  1. Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті – 2009 ж.
    Мамандығы: бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
  2. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті – 2013 ж.
    Мамандығы: дефектолог

Педагогикалық еңбек өтілі: 18 жыл

Оқушылар контингенті Балалар саны: 77 + 3 (үйде оқыту)

  • Кохлеарлы имплант қойылғандар – 36
  • Бинауральды – 16
  • Моноуральды – 20
  • Сүйек арқылы дыбыс өткізгіштік – 3
  • ИСА – 41

Көмекші бағдарлама бойынша оқитындар: 10
оның ішінде:

  • жеңіл ақыл-ой кемістігі (ЖАҚК) – 4
  • орташа ақыл-ой кемістігі (ОАҚК) – 6

Жынысы бойынша:

  • ұлдар – 44
  • қыздар – 36

Тұрғылықты жері бойынша:

  • қалалық – 52
  • басқа елді мекеннен – 28

Барлығы: 80
оның ішінде:

  • мүгедектігі бар – 68
  • мүгедектігі жоқ – 12

Сынып-комплект саны: 15
оның ішінде:

  • қазақ сыныптары – 7
  • орыс сыныптары – 8

 

Ғимараттың салынған жылы: Ғимарат бейімделген. Негiзгi ғимарат -1952 ж., жапсарлас — 1978 жылы салынған.
Мектеп-интернаттың құрылған жылы: 1978 ж.
Жалпы ауданы: Ғимарат түрі: Кірпіш
Қабат саны: 2
Ғимараттың жалпы ауданы: 2858,7 ш.м.
Ғимараттың пайдалы ауданы: 1504,3 ш.м.Жылыту түрі: Орталықтандырылған

Оқу бөлмелерінің ауданы: 664,7 ш.м.
Жатын бөлмелердің ауданы: 386 ш.м.
Шеберханалардың жалпы ауданы: 282 ш.м.

Бір балаға шаққандағы тұрғын алаң нормасының сақталуы: бір балаға 4 ш.м.

Душ, дәретхана және басқа да санитарлық тораптардың болуы, олардың тазалығы мен қолжетімділігі:

  • Оқу корпусы – 2 санитарлық торап (ұлдар мен қыздарға арналған)
  • Жатын корпусы – 3 (ұлдар мен қыздарға арналған, оқшаулау бөлмесі бар)
  • Балаларға арналған душ бөлмесі – 2

Желдету, жылыту, ыстық және суық сумен жабдықтау жүйелерінің болуы:

  • Желдету жүйесі асханада (асүй, жуу цехы) орнатылған
  • Сумен жабдықтау – орталықтандырылған
жобалық қуаты — 100 бала.
Педагогтардың саны: Педагогтардың барлық саны – 50

Мұғалімдер-35

-Бастауыш сынып мұғалімдері-7

-Пән мұғалімдері-20

-Сурдопедагогтар-8

-Тәрбиешілер-13

Психолог-1

Аға тәлімгер-1

·         Педагог-зерттеуші 3

·         Педаго-сарапшы  8

·         Педагог-модератор 19

·         Педагог-20

Құрылу тарихы «№4 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, ОА білім басқармасына қарасты, 1978 жылы құрылған.

1977 жылғы 31 наурыздағы Семей облыстық атқару комитетінің №187-6 шешімімен және 1977 жылғы 29 шілдедегі Семей облыстық еңбекші депутаттар кеңесінің №335-р өкімі негізінде 1978 жылы 100 оқушыға арналған есту қабілеті төмен балаларға арналған мектеп-интернат ашылды.

КММ «№4 арнайы мектеп-интернаты» 1950 жылы салынған бұрынғы №14 сегізжылдық мектеп ғимаратында орналасқан (оқу корпусы және шеберханалар).

1978 жылы оқу корпусына 65 орындық жатын корпус қосымша ретінде салынды.

2009 жылы мектепте мектепалды даярлық сыныбы (0 сынып) ашылды.

Мақсаты мен міндеттері Есту қабілеті бұзылған балаларды қамту.
Есту қабілеті бұзылған балаларды есту-сөйлеу арқылы оңалту, түзете-дамыта оқыту және тәрбиелеу.
Есту қабілеті бұзылған түлектерді әлеуметтендіру.«№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ қызметі мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, Жарғы және басқа да құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырылады.

Біздің балалардың ұраны:

-Мен үнсіз қалғым келмейді!

-Мен естігім және  сөйлегім келеді!   Барлығының мені түсінгенін  қалаймын!

Оқыту тілі

 

 Мемлекеттік және орыс тілдерінде.

 

Жабдықталуы (кабинеттер мен жиһаз)

 

Кабинеттер жиһазбен жабдықталған.
Кабинеттердің қосымша құралдармен жабдықталуы
(интерактивті тақталар мен проекторлар, сенсорлық кілемшелер және моториканы дамытуға арналған тренажерлер, есту аппараттары, тифлотехникалық құралдар, нашар көретіндерге арналған бағдарламалары бар компьютерлер, аудиовизуалды құралдар және т.б.) 
 

23 оқу кабинеті жабдықталған.

Интерактивті тақталар мен панельдер бар:

  • Интерактивті тақталар – 2 дана
  • Интерактивті панельдер – 9 дана

Кабинеттер жиһазбен және дыбыс күшейткіш стационарлық аппаратурамен жабдықталған.

Сымды аудиосыныптар:

  • «Сонет» – 9 жиынтық

Логопедиялық тренажерлер:

  • «Дельфа» – 5 жиынтық

Есту-сөйлеу тренажерлері:

  • «Соло» – 6 жиынтық

Бейнебақылау жүйесі: 39 камера
(оның ішінде:

  • 14 сыртқы камера – ғимараттың периметрі бойынша орналасқан;
  • 25 ішкі камера – дәліздерде, ойын бөлмесінде, жатын корпус дәлізінде, шеберханаларда, асханада, ас ішу залында, эвакуациялық жолдарда орналасқан)

Барлығы Семей қаласының Жедел басқару орталығына (ЖБО) қосылған.

 

Арнайы педагогтардың жеке кабинеттерінің болуы Есту кабинеті – 1

Жеке жұмыс кабинеті (дефектолог) – 7

Психолог кабинеті – 1

Медициналық пункт Медициналық кабинет, процедуралық кабинет, оқшаулау бөлмесінің болуы

Лицензия №23006557, 13.03.2023 ж.

 

Асхана 98 орынға арналған.

Оқу жылының басталуына арналған санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды актісі, 25.08.2025 ж.

Акт зал,

спорт зал

Акт залы мен спорт залы бейімделген (біріктірілген) – 104,1 ш.м.

Есту қабілеті бұзылған оқушыларды есту-сөйлеу арқылы оңалту, оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіру жұмыстарының тиімділігінің негізгі шарттарының бірі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қажетті арнайы техникалық және компенсаторлық оқыту құралдарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Осыған байланысты, есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепте түзете-оқыту үдерісі жеке және ұжымдық пайдалануға арналған қосымша сурдотехникалық құралдарды міндетті түрде қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Бастауыш сыныптарда және пәндік кабинеттерде сабақ барысында фронтальды жұмысты ұйымдастыру үшін стационарлық сымсыз немесе сымды оқу есту-сөйлеу сыныптары орнатылады.

Сымды дыбыс күшейткіш аппаратура аудиоақпаратты қабылдау үшін қолайлы акустикалық жағдай жасайды және сөйлеуді қабылдаудың айқындығын арттырады. Ол есту қабілеті бұзылған балалармен түзету жұмыстарында кеңінен қолданылады.

Оқушы дыбыс күшейткіш аппаратураның көмегімен есту қалдығын белсенді пайдаланады. Бұл оның айналасындағы адамдардың сөйлеуін естіп, түсінуіне, дыбыс көзін анықтауына және өз сөйлеуін бақылауына мүмкіндік береді.

 

Достармен бөлісу
Абай облысы білім басқармасының